Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялауға дайындық үстінде – Жаһан

54

АҚШ президенті Дональд Трамп елде төтенше жағдай жариялауды жоспарлап жатыр, ол конгрестің рұқсатынсыз Мексика шекарасына қорған тұрғызу үшін қосымша қаражыландыру жасамақ, – деп хабарлайды Reuters.

Келісілген бюджет қаражаты – 1,37 миллиард доллар, қорған мен қауіпсіздікке арналған құралдарға жұмсалады.  Бірақ оның ішінде нақты қорған салуға қаражат есептелмеген.

«Трамп осы заңға қол қояды, оған қоса ол төтенше жағдай енгізеді», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.

Трамптың осы шешімі сотта қаралып, нәтижесінде төтенше жағдайды болдырмауы мүмкін. Осылайша, Трамп төтенше жағдайды енгізсе, оның конгресс мүшелерімен қарым-қатынасы одан әрі суып кетуі мүмкін. Әкімшіліктегі жоғары лауазымды дереккөздері қорған салуға 7 миллиард доллар қаржы табылғанын айтты. Трамп төтенше жағдай енгізсе қосымша 7 миллиард долларды әскери бағдарламаға бөлінген қаражаттан алуы мүмкін. Бұл қаражат қорған салуға есептелген 23 миллиардтың бір бөлігі ғана. Мексиканың шекарасында салынатын қорғанның ұзындығы 3 200 шақырым болады деп жоспарланған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz