Трамп пен Макрон ДДҰ-ны қайта құру керегін мәлімдеді

85

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қайта құру керегін мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Президент Трамп пен президент Макрон ДДҰ-ны қайта құру керек деген шешімге келді», – деді Ақ үйдің өкілі Джадд Дир.

Сондай-ақ, президенттер бес елмен – АҚШ, Франция, Ресей, ҚХР және Ұлыбританиямен кездесу өткізу керегін және ол елдермен ДДҰ-ның коронавирус пандемиясына қалай әрекет еткенін талқылайтынын айтты.

Мұның алдында Трамптың ДДҰ-ны енді ешқашан қаржыландырмауы мүмкін екені хабарланған еді.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19-ды пандемия деп жариялаған болатын. ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2,8 миллионға жетсе, 169 мың адам қайтыс болған.