Түркияда қазақстандық студент қыз өлі табылды – Ел жаңалықтары

76

Қазақстандық студент қыз Түркияда өлі табылды. Түркия БАҚ-тарының мәліметінше, қыз өзінің үйінде өлі табылған, – деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

Телеарнаның мәліметінше, қыздың денесін достары тапқан. Денесінде зорлық белгілері жоқ екені айтылады. Жергілікті полиция тергеу жұмыстарын бастады. Қыз 21 жаста болатын, Түркиядағы ЖОО-лардың бірінде оқыған.

«Дәл қазір біз білетін мәліметтер осы. Қазақстанның СІМ өкілдері әзірше оқиғаға қатысты пікір білдірмеді», – делінген телеарнаның 29 наурызда жариялаған сюжетінде.

CNN Türk мәліметінше, қыздың есімі – Елдана Қахарман. Студент қыз Фырат университетінде оқыған, жекеменшік Kanal 23 телеарнасында журналист болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, ол YouTube хостингінде өзінің арнасын жүргізіп отырған.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz