Түркістан облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды – Ел жаңалықтары

55

Түркістан облысының экс-әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

«Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол ҚР Президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды», – делінген Президенттің жарлығында.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы дүниеге келді, филология ғылымының кандидаты, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары – ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы – Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық», т.б. кітаптардың авторы.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz