Универсиада-2019 ойындарындағы Қазақстан құрамасының формасы қандай? – Спорт

59

Қысқы Универсиада ойындарының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Қазақстан құрамасының формасының суреті жарияланды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының формасы қара-алтын түсте тігілген. Ұлттық тудың суретінен бөлек онда KAZ деген Универсиаданың эмблемасы бейнеленген. 

Айта кетейік, қысқы Универсиада ойындары 2-12 наурыз аралығында Красноярск қаласында өтеді.

Универсиада – студенттер арасында өтетін халықаралық спорт жарыстары. Соңғы рет Универсиада ойындары Алматыда 2017 жылы өткен еді. Ол кезде Қазақстан құрамасы 2-орынды иеленіп, 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медаль алған еді. Ал биыл Универсиадаға 3000 мыңнан аса адам қатысады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz