ҰҚК Шекара қызметі қайта құрылуы мүмкін

123

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қайта құрылуы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ашық НҚА» порталында Президенттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» жарлығы жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын», – делінген сайтта.

Құжаттың жобасы 2 наурызда жарияланған. Бұл қаулыны 17 наурызға дейін осы сайтта талқылауға болады.