«Үш бала сатылады» деген хабарламаның авторы табылды

71

Полиция Ғаламторда үш баланы сату туралы хабарлама жариялаған адамның кім екенін анықтады.

Ақтауда үш жеткіншектің сату туралы хабаралама 27 мамыр күні жарнамалық сайтта жарияланған болатын. Хабарлама мәтінінде үш баланың арзан бағаға сатылатыны айтылған. Және дәл осы жерде олардың суреттері де көрсетілген.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, хабарлама авторы осы отбасның 10 жасар баласы екен, сонымен қатар бұл жерде оның да суреті бар. Жеткіншек осылай қалжыңдамақ болған көрінеді.

Полициядағылар жерлікті тұрғындардың хабарламаны көре салысымен өздеріне хабар бергенін айтып отыр. Қызметкерлер дереу шара қолданып, бала «сатылғалы» отырған отбасын тауып алған. Ал, ата-ана жеткіншектердің бұл тірлігінен мүлде хабарсыз болып шықты. Олармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Хабаралама өшірілді.

Zakon.kz