Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Мартинес жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды – Бокс

72

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Стивен Мартинес жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық боксшыны нокаутқа түсірген қазақстандық боксшы жекпе-жектен соң өзіне қолдау білдірген жандарға алғыс білдірді. 

«Бесінші жекпе-жектеріңіз құтты болсын қазақ елі. Бұл жекпе-жекке біраз дайындалдық. Өз өнерімізді көрсетіп жатырмыз. Америкалық жанкүйерлерге өзіміздің қазақ бокс стилін көрсетіп жатырмыз. Барша қазақстандықтарған, экран алдында қолдау білдіріп отырған жанкүйерлерге алғысымды білдіремін және Qazaqstan және Qazsport арналарына рақметімді айтамын», – деді боксшы. 

Еске салайық, 25 жастағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық Стивен Мартинес болды. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында Фриско қаласында өтті. Кездесу бесінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсірді, сондай-ақ үшінші раундта төреші америкалыққа нокдаун санаған еді.

Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста ол Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz