Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді

26

ШҚО-да Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы  Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Қаулыда.