Бүгін – Халықаралық Тау күні

235

Бүгін – Халықаралық Тау күні. Осыған орай Қазақстандық тауларды таспаға тартып жүрген фотожурналист Досжан Балабекұлының бірқатар фотосуретін ұсынып отырмыз.

Бұл  атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясының  шешімі бойынша  атап өтіліп келеді.   Бас Ассамблеяның қарарында таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған ерекше өзекті мәселелер белгіленген. Бұл атаулы күннің мақсаты – таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау. Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар  адамдардың  10 пайызға жуығының  баспанасы. Оған қоса, таулар – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.