«Байтақтықтар» күресе береді!

346

Сонымен   елдің  көңілін  алаң  еткен  Мәжіліс сайлауы  өтті. Әрине  әр нәрсенің  болғанынан  боладысы  қызық  дейді  ғой. Халықтан  гөрі,  сайлауға   түсіп  бақ  сынайтындар алашапқын болғаны  рас. Тіпті  халыққа  ертегіге  ұқсас  уәделерді  де  үйіп  төкті. Бірақ  жұрт  ондай  уәделерге   тойып  болған. Содан  болар  сайлауда  халықтың  белсенділігі  жоғары  болды  деп айта  алмаймын.

Өйткені   партия  мәселесімен  және  өзім  жеке  дара  түсетін  болған  соң  халық  арасында  көп  болдым. Сонда  байқананым  елдің  билікке  деген,  депутаттарға  деген  сеніміне  селкеу  түскен. Көп  сене бермейді. Десекте  халық  өз  таңдауын жасады.  Оны жоққа  шығара  алмаймыз. Ал  енді өзіміздің «Байтаққа» келсек,   біз  кеше  ғана  тіркелген  партиямыз. Елге  кеңінен  таныла  алмай  жатырмыз. Солай  бола  тұрсада,  елдің  қамы  үшін,  «құласаң  нардан  құла»  дегендей  ұлы  жіңгір  сайлауға   қатысуға  бел  будық. Бұл  бір.  Екіншіден  өзге  партиялар  сияқты бізге  билік  тарапынан   қолдау,  демеу. көмек  болған жоқ.  Өз  күшімізге  сендік. Реті келсе  300  мыңның  үсінде  қол  жинаймыз  деген  мақсат  қойып  едік. Ол  межеге  жете алмадық. 210  мың  адам  ғана  бізді  сайлауда  қолдапты. Бұғанда  тәубә. Жаман емес.  Көш  жүре  түзеледі  деген бар. Сайлау  бүгінмен  бітіп  жатқан  жоқ. Әлі  алда  талай аламан  сайлаулар,  додалар  болар.  Сол кезде  тағы  бақ  сынай  жатармыз. Ол  үшін  партияның жұмысын жандандыра  бермекпіз. Әрине  әділетті  қоғам  құру  үшін, Қазақстан ескі  таптаурын  жолдан  шығып,  жаңғыруы  үшін,  экологиямыздың  жақсаруы  үшін біз – «Байтақтықтар»  күресе  береміз. Түбі  бізде  парламентке  баратынымызға  бек  сенімдімін!

Азаматхан  ӘМІРТАЙ