Вакцина салдырғандарға арналған мобильді крематорий туралы жалған ақпарат тарады

115

Қазақстандықтар Желіде табылған «мобильді крематорий» деген жазуы бар жүк көлігінің фотосуретін таратып жатыр. Кейбіреулер мұндай қондырғы COVID-19-ға қарсы вакциналау нәтижесінде қайтыс болған адамдар үшін дайындалған деп пайымдайды. Суреттің астында «Вакцинациядан кейін бәрі дайын» деп жазылған. Бұл жалған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Шын мәнінде, фотосуретте «Турмалин» компаниясы шығарған ИН-50.1К инсенизаторы көрсетілген. Ол қауіптілік класы I-V жататын биологиялық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған.

Инсинизатор алғаш рет 2011 жылы «Үлкен қала экологиясы-2011» Халықаралық экологиялық форумы аясында Ленэкспо көрмесінде ұсынылған. Инсинезатордың толық циклы көрсетілген видеоны өндірушінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Ол пандемияға дейін 8 жыл бұрын жасалған және оған еш қатысы жоқ. Өндіруші «мобильді крематорийдің салттық мақсаттарда пайдалануға және жүкті жоюға арналмағанын» атап өтті.

Сарапшылардың айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдар жақын арада жаппай өле бастайды деген теория негізсіз. Олар бұған дейін мұндай болжамдардың неге шындыққа жанаспайтыны туралы егжей-тегжейлі жазған болатын.