Назарбаевқа ота жасалған жоқ, бұл емдеу-диагностикалық процедурасы – кардиохирург

189

Нұрсұлтан Назарбаевқа операция емес, емдеу-диагностикалық процедурасы жасалды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя мәлімдеді, деп хабарлайды Жас Алаш  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл жоспарлы процедура.

«Процедура былтыр жоспарланған. Бірақ біз әрбір пациенттің жұмыс кестесіне, ыңғайлы уақытына қараймыз. Оның жұмысбастылығы мен денсаулық жағдайына байланысты бүгін өткізуді шештік», — деді Пя журналистерге арналған брифингте.

Ол бұл процедураның стреспен еш байланысы жоқ екенін атап өтті.

«Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы», — деді ол.

Жоспарлы процедура екі жарым сағатқа созылған. Экс-президент ертең-бүрсігүні ауруханадан шығарылуы мүмкін.

Осы орайда журналистер Назарбаевқа орталықта ерекше жағдай жасалған ба деп сұрады.

«Бізде әрбір пациентке ерекше жағдай жасалған. Біз де VIP деген түсінік жоқ. Біз үшін әрбір пациент VIP», — деп мәлімдеді Юрий Пя.

Еске салайық бұған дейін экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғанын мәлімдеген болатын.