Қазақ неге өсіп-өнбейді?

116

Кеше  кештен бері  әлем  желі жарылып,  сүйіншілетіп  жатыр. Бақсақ,  Қазақстан  халқының саны   19  миллионға  жетіпті. Бір  қарағанда  әлемде жерінің  үлкендігі  жағынан  9  орынды  алатын алып  еліміз  үшін  халықтың көп  болғаны  жақсы. Қуанышты жағдай.  Ал  екінші  қырынан алғанда  мәз  блып,  бөрікті аспанға атудың  еш  қажеті  жоқ. 

Неге,  көрші  өзбекті алайық,  тәуелсіздік алған жылдары  олар  20 миллион  еді. Қазір  35  миллионға  жетіп,  мейманасы  тасып  отыр. Демек  өзбектер  30  жылда  15  миллионғға  көбейген. Біз   тәуелсіздікке  қол  жеткізген  жылдары  16 миллионның  үстінде  едік.  30  жылда  3 миллионға  көбейіппіз.   Осыда  қуаныш па? Білмедім. Өзбектен  қазақтың  несі  кем  болып  қалды?  Қазақтың  өсіп –өнуіне  кім бөгет  болып  отыр. Зерделей  қарасақ қазақтың  демографиясына  тұсау  болып   отырған  қазіргі жүйе  секілді. Сәл  тереңірек  қарасақ,  қазақтың  жерінде  құны АҚШ  долларымен  есептегенде  10-15  триллион  болатын байлық  бар.  Бұл  зерттелгені.   Осыншама  ырғын  байлық  кем дегенде 100  миллион  халықты  аста-төк асырауға  жетеді екен.   Бірақ  мұндай  мол  байлықтан  қазақ қағылған.  Қызығын   биліктің  маңайына  шоғырланған  азғантай  топ қана көріп  отыр.  Халық  тақыр  кедейдің ар  жақ,  бер жағында  ілдалап күн  көруде.  Әр адам кредиткке  байланған. Демек күн  көрісі  қиындаған  жұрт бала  тууды  емес,   қалай  жан бағуды  ойлайды. Яғни  демография   нолдік  деңгейде деуге  болады.  Бұған өткен ғасырда  болған  түрлі  нәубетті  қосыңыз.  Мәселен,  1916  жылғы   топалаң,  1918-1920 жылдардағы  ақпен  қызылдың   айқасы,  1921-1922  жылдардағы  1,5  миллионды  қынадай  түсірген  аштық, 1927-1929  жылдардағы   тәркілеу,   ұжымдастыру,  үркіншілік  кезеңі,  1931-1932  жылдардағы    ашаршылық, 3  миллион  қазақ  ақ  сүйек  болып  далада  шашылып  қалды,  1937-1938  жылдардағы  саяси  қуғын –сүргін кезеңі,  онда  да    25  мың  қазақтың   оқыған, көзі  ашық   азаматтары  атылып кетті.   Осының  бәрі   қазақтың  өсіп –өркендеуіне  үлкен  бөгет  болды.  қазақтың  саны  кеміді. Егерде   осы зұлматтар  болмағанда қазіргі  күні   иісі алаш  баласының  саны   45-55 миллионның ар  жақ   бер жағында  болып  шалқып  отырар еді.  Амал  қанша.  Жарайды  бұл  өткен тарих.  Ал,  тәуелсіздік    алған     кезеңде  қазақ    неге  өсіп – өне  алмай  отыр? Оның  себебін  жазбамыздың басында айттық.  Биліктің  өз  еліне,  халқына деген көзқарасы түзелмей   халықтың  саны   еселеп  өседі  деу  күлкілі.   Міне, соның көрсеткіші:  30  жылда  3  миллионға  ғана  өстік.   Ал, өзбектер  15 миллионға  көбейді.  Қай ел қуануы  тиіс,   қазақ  па,  өзбек  пе?

 

Азаматхан  Әміртай