42 500 теңге: 1,7 млн адамның шотына ақша аударылды

108

Бүгінгі күні елімізде 1 млн 779 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгінгі күнге елімізде 3 млн 703 мың адам 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алуға өтініш берді. Өтініштердің саны 4 млн 900 мыңды құрайды. Оның ішінде 1 млн 779 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды және есепшоттарына 75 млрд 600 млн теңге аударылды», – деді министр. Осы ретте министрі бұл әлеуметтік төлем ресми және бейресми жұмыс істеп жүрген, бірақ төтенше жағдайдың салдарынан табысынан айырылған адамдарға қарастырылғандығын айтты. «Егер сіздер төтенше жағдайға дейін ақша тауып жүрсеңіз, онда әлеуметтік төлем алуға құқығыңыз бар. Порталда өтініш берген кезде табасыңыздың болғанын және төтенше жағдайға байланысты жоғалтқаныңызды растайсыз. Ал нақты әлеуметтік төлемді кім ала алады? Біріншіден – компанияда, мекемеде жұмыс істеп жүрген және жұмыс беруші ақысыз демалысқа жіберген жалдамалы жұмыскер. Олар: орта және шағын бизнес өкілдері, карантин жарияланған қалалардағы кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік қызметтен басқалалары. Бұл ретте, сіздерге өтіншті жұмыс беруші береді», – деді Біржан Нұрымбетов. Оның айтуынша, екіншіден жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар, сот орындаушылары, медиаторлар, репититорлар немесе азаматтық-құқықтық сипатта жұмыс істеп жүрген азаматтар, бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) төлеп жүрген азаматтар әлеуметтік төлем ала алады. «Бұл ретте біз жасына, жәрдемақы алатындығына не алмайтындығына, мүгедектігіне қарамайсыз. Сіз ресми жұмыс істеген адамсыз. Сіздер мекемеге ресми жалданып жұмыс істеп жүрсіздер. Бұған қоса, ресми бірыңғай жиынтық төлем төлеп жүрсеңіздер – төлейміз. Соңғы 1 жылдың ішінде кемінде 1 рет БЖТ төленген болса болғаны», – деді ол.