Өткен мейрам күндері 3 бала суға батып кетті

106

Өткен мереке күндерінде ғана үш жасөпірім суға батып кетті деп xабарлайды Қазақпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтің айтуынша, 9 мамыр күні Қызылорда облысында Жаңақорған ауданының Бірлік ауылына жақын жердегі Шұқырсай көлінен жергілікті тұрғындар 1999 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мүрдесін алып шықты.

11 мамырда Қызылорда қаласына тақау жердегі Қараөзек арнасына суға түскен 14 жастағы бала батып кетті. Оның мүрдесін ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару отрядының мамандары судан алып шықты.

«11 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында Талғар өзеніне суға түскен 2003 жылы дүниеге келген жасөспірім батып кетті. Жасөспірімнің мүрдесін ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары шығарып алды. Суға батып кеткен жасөспірімдердің барлығы суға түсуге арналып жабдықталмаған жерде шомылған. Ондай жерде суға түсуге қатаң тыйым салынады», – деді Н.Нұрахмет.