Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды

107

Сенбі, 11 мамырда Қазақстанда сайлауалды үгітнасихат кезеңі басталды. Ол маусымның 7-і күнітүнгі 23:59-де аяқталады. 8 маусымТыныштықкүні.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Оған әуел баста тоғыз адамқатысуға ниет білдіргенмен Орталық сайлаукомиссиясы жеті адамның тіркелгенінхабарлады.

2 мамырда Орталық сайлау комиссиясы «Халықдемографиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынғанүміткер Жұматай Әлиевті президент сайлауынаөткізбеді. Тіл комиссиясы Әлиев «қазақ тілінмеңгермеген» деген шешім шығарған.

7 мамырда Жұматай Əлиев Орталық сайлаукомиссиясының шешімімен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсірді.

Ал бұған дейін «Қазақстан құрылысшыларыодағы» кезектен тыс президент сайлаына үміткерретінде ұсынған Талғат Ерғалиев кейінқұжаттарын қайтарып алды.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президентсайлауына тіркелген жеті кандидат:

Сәдібек Түгел – «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы;
Қасым-Жомарт Тоқаев – «Нұр Отан» партиясы;
Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтарфедерациясы;
Дания Еспаева – «Ақ жол» партиясы;
Төлеутай Рақымбеков – «Ауыл» партиясы;
Жамбыл Ахметбеков – Қазақстан коммунистікхалық партиясы;
Әміржан Қосанов – «Ұлт тағдыры» қозғалысы.