Сириядан қайтқан 20 қазақстандық терроризм күдігімен ұсталды

94

Қазақстанға Сириядан оралған 20 қазақстандықтеррорлық ісәрекеттерге қатысы болуы мүмкіндеген күдікпен ұсталды. Бұл туралы 13 мамырда«Жусан» арнайы операциясының қорытындысыжайлы баспасөз мәслихатында Қазақстан сыртқыістер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевмәлімдеді.

– 16 ер және төрт әйел НұрСұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қарағанды мен Шымкент қалаларындағытеррорлық ісәрекеттерге қатысы болуы мүмкіндеген күдікпен ұсталды. Қалған 55 әйел менбалалар арнайы бейімдеу орталықтарынаорналастырылды. Қазір медициналықтексеруден өтіп жатыр, карантин тағайындалған, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр, жекебасын анықтайтын құжаттарын қалпына келтіруқолға алынды, террорлық ісқимылға қатысынанықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, – депхабарлады журналистерге Ержан Ашықбаев.

СІМ өкілі террорлық ісәрекеттерге қатысқандар«қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденгенжағдайда Қазақстан заңдарына сәйкесқылмыстық жауапкершілікке тартылатынын» айтты. Ержан Ашықбаевтың сөзінше, 7-9 мамыраралығында 230 қазақстандықты СирияданҚазақстанға жеткізген «Жусан» арнайыоперациясына АҚШ пен «Сириялықдемократиялық күштер» қолдау көрсеткен.

Бұған дейін Қазақстан президенті ҚасымЖомартТоқаевтың баспасөз хатшысы «Жусан» операциясы аясында Сириядан Қазақстанғажеткізілгендер арасында «көбі мектепке дейінгіжастағы 156 бала, соның ішінде 18 жетім балабар» деп хабарлаған.

Биыл 9 қаңтарда Қазақстанның бұрынғыпрезиденті Нұрсұлтан Назарбаев «Жусан» арнайы операциясы аясында Сириядан 47 қазақстандықтың елге қайтарылғанын жарияеткен. Назарбаевтың сөзінше, олардың арасында«әйелдер мен 30 шақты бала» болған.

2018 шілде айында Қазақстан ұлттық қауіпсіздіккомитеті (ҰҚК) Таяу Шығыста соғыс басталғалыбері Сирия мен Иракқа Қазақстанның 800-ге жуық азаматыкеткені туралы хабарлаған. ҰҚКмәліметінше, Сирия мен Ирактағы халықаралықтеррорлық ұйымдар қатарында қазақстандық 120 ер, 250-ден астам әйел және кәмелетке толмаған500 бала бар.