Тоқаев: Қызметкер парамен ұсталса, басшысы жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс

94

20 мамырда НұрСұлтанда үкімет мүшелеріменжемқорлықпен күрес мәселелерін талқылағанжиында Қазақстан президенті ҚасымЖомартТоқаев «егер қол астындағы жұмысшысыпарамен ұсталса, мемлекеттік органдардыңбасшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс» деді.

Тоқаевтың сөзінше, отставканы қабылдау, яқабылдамаупрезиденттің шаруасы, бірақбасшылар жұмыстан кету туралы өтініш жазуыміндет.

Жыл сайын елде 2 мың жемқорлық қылмысытіркелді. Орта есеппен мың адам жауапқатартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпенкүресуіміз керек, – деді Тоқаев.

Қазақстан президентінің сөзінше, жемқорлықтыазайту әкімдер жұмысының негізгі көрсеткішіболады.

Жер телімдерін беру, баспана беру жәнебалабақшадағы орындарды бөлу ашықұйымдастырылып, қоғамның бақылауындаболуы тиіс, – деді ол.

Қазақстанның бұрынғы президенті НұрсұлтанНазарбаев та бұған дейін елде жемқорлықпенкүресуді күшейту жайлы бірнеше рет айтқан. Тоқаев та соңғы уақытта бюджет қаржысынжымқырғандарды, пара алғандарды жазалаужайлы жиі айтып жүр. Бұған қарамастанҚазақстан жемқорлық индексіндегіжағдайы жақсарған жоқ.