Нұр-Сұлтанда Алаш Орда жетекшілеріне ескерткіш орнатылды

122

Нұр-Сұлтанда Алаш Орда жетекшілері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатұлына ескерткіш орнатылды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Карин айтты.

«Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш Арыстарына ескерткіш ашылды», – деп жазды Карин Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Еске салайық, бұған дейін режиссер Қуаныш Бейсеков Instagram-дағы парақшасында ескерткіштің суретін жариялаған болатын. Кадрларға қарағанда, мүсінде Алаш қозғалысының көшбасшылары – Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатов әңгімелесіп тұрған кезі бейнеленген.