9 жасар ақмолалық Сабина Қайрат «Әлемнің кішкентай аруы» атанды

99

9 жасар Көкшетау тұрғыны Сабина Қайрат «Әлемнің кішкентай аруы» атанды.

Түркияда өткен  халықаралық «Universе Beauty-2019»   әдемілік және дарындылар фестиваліне ақмолалық Сабина Қайрат және оның 5 жастағы інісі Дінмұхаммед қатысты.

Балалар өткен жылы «Бірінші Азия вице-аруы» және «Қазақстанның кішкентай мистері» атанған соң осы конкурсқа қатысуға сертификат алған еді.

«Сабина сахнаға ұлттық киіммен шықты, дарындылар шоуына, сондай-ақ дизайнерлік көрсетілімдерге қатысты. Ол Көкшетаудағы  «Реверанс» клубында спорттық бал билерімен айналысады. Содан да болар, жанкүйерлерге  «Румба» және «Самба» билерін көрсетті»,-дейді бүлдіршіндердің анасы Лейла Рахимова.

9-10 жас дәрежесінде Сабина  «Mini Miss Universe» («Әлемнің кішкентай аруы») титулының жеңімпазы атанды, сондай-ақ үздік биі үшін диплом еншіледі.

5 жасар Дінмұхаммед Қайрат «Best photomodel Universy Beauty» титулының иегері атанды. Оның да биі үздік болып мойындалды.

Аналарының айтуынша, жас жеңімпаздар енді маусымда Вячеслав Зайцевтің конкурсына, ал күзде Пьер Карденге – Парижге шақырту алған.     Авторы: Оксана Матасова


inform.kz