Данэлия Төлешова жаңа бейнебаян жариялады

104

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова жаңа бейнебаянын таныстырды. Қыз бала Эмбер Райлидің Colourblind әніне кавер орындаған.

«Мен үшін Colourblind әніне кавер ұсыну үлкен бақыт», – деп жазды қыз бала Intagram желісінде. 10 мамырда жарияланған бейнебаянды 37 мың адам қараған және 500-ден аса пікір жазылған.

Пікір қалдырушылардың көбі кавер-орындау түпнұсқадан әлдеқайда сәтті шыққанын жазып жатыр.

Айта кетейік, 4 мамырда Данэлия Төлешова Түркияның Анталия қаласында MayFest фестивалі аясында концерт берді.

kaz.tengrinews.kz