Димаш Құдайберген: Үйден шықпаңыз, бұл әзіл емес

110

Танымал әнші Димаш Құдайберген барлық жанкүйерлерін коронавирус індеті кезінде үйден шықпауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнші бейнеүндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады. «Мен сіздерді қатты сағынып, видео жазуды шештім. Өтінемін, үйден шықпаңыздар. Бұл әзіл емес, өте күрделі жайт, үйден шықпаңыз. Бұл вирусты жеңетінімізге сенемін, себебі бәрі де өткінші. Мен оған сенемін, мен сіздерге сенемін, өздеріңізді қорғап жүріңіздер. Біз үйде отыруға тиіспіз», – деді әнші. Димаш бұл видеоны үйде, Қазақстан елордасында жазып отырғанын, үйде інілерімен Play station ойнап отырғанын айтты. Алдымен ағылшынша сөйлеген Димаш сөз соңын қазақ тілінде қорытындылады. «Сіздерге ең алдымен денсаулық тілеймін. Күллі әлемді билеген ауыр індеттің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан барлық сақтық шараларына немқұрайды қарамауға шақырамын. Сәл төзімділік танытыңыздар! Алла бәрімізге сабыр берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бұл да бір өтпелі дәурен. Біз бұл дертті жеңіп шығамыз», – деді Димаш.