Фараби әлемі

101

Еліміздің білім ордасының қара шаңырағы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне биыл 85 жыл толады. Осы салтанатты мерекеге орай көптеген іс-шаралар өтуде. Олардың барлығы студент-жастардың терең білім алуына, ғылыми жұмыстармен айналасуына бағытталған. Тек оқу жылдың өзінде осындай ауқымды шараларға 236,42 миллион теңге жұмсалды. Осы шараларға 11 мың студент, магистранттар мен докторанттар қамтылды. 40 мамандық бойынша республикалық байқаулар, 29 мамандықтан  олимпиадалар, барлығы 585 ғылыми шаралар өткізілді.

Осы игі жұмыстардың жалғасы ретінде жуырда өткізілген студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби әлемі» аттыхалықаралық ғылыми конференцияны атап өтуді жөн көрдік. Бұл үлкен іс-шарағақатысушылар саны 6513, олардың ішінде 778 республикамыздың басқа жоғарғы оқу орындарынан және 381алыс-жақын шет мемлекттерден қатысты. Атап айтатын болсақ, Германия, Корея мен Қытайдан келген жастар ерекше қызығушылық танытты. Факультеттерде 123 секция, 94 дөңгелек стол және ғылыми семинарлар өткізілді. Университеттің заң факультетінен 573, филология, әдебиеттану және әлем тілдер факультетінен 568, халықаралық қатынастар факультетінен 534 және физика-техникалық факультеттен 458 қатысушыларболды. Салыстырмалы түрде 2015 жылдан бері халықаралық деңгейдегі жобалар екі жарым есеге дейін өскенін мақтанышпен айтуға болады. Бұл көрсеткіштер жастардың ғылымға деген көзқарастарының өзгергенінің дәлелі. Аталмыш іс-шара барысында студенттік бизнес-инкубаторының жобалары арасында жарыстар өткізілді. Оған 90 жоба қамтылды. Бірінші орынды физика-техникалық факультетінің студенттерінің «Прототип электромобиля и транспортной инфраструктуры Al-Farabi Smart University» жобасы жеңіп алды. Жоба авторлары: Ибраимов Т., Үсенхан С., Досмұханова Д., Елубаев Д.. Екінші орынды география және табиғатты пайдалану факультетінің «Қаладағы ландшафттардың топырақтарындағы құнарлылықты сақтау және арттыру», шығыстану факультетінің «Green peace: Жасыл жүрек», биология және биотехнология факультетінің «Нанокомпозитные био-маски для лица с омолаживающим свойствами» атты жобалары алды. Үшінші орынды «Ǵaryshqa»ғылыми-технологиялық парк, «Компьютерная обработка психологических тестов для диагностики депрессивного состояния» философия және саясаттану факультеттерінің жобалары жеңіп алды. Осындай жобалардың дамуына үлес қосқан университет ұжымы әлемдік білім беру жүйесіндегі алдыңғы қатардан көрінуі заңдылық деп есептейміз. Бұл шаралар биылғы Жастар жылына қосқан зор үлес.

 

Л.Страутман,                                        Ә.Нұрмұханбетова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушылары 

Алматы қаласы.