Игорь Крутой Ержан Максимді академиясына оқуға шақырды

122

Атақты композитор, продюсер Игорь Крутой «Голос. Дети» байқауында 2-орын иеленген Ержан Максимді музыкалық академиясына шақырды.

Бұл туралы Ержан Максим Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, енді күзден бастап сол академияда оқуын бастайды.

«Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол», – деп жазды оралдық 11 жастағы Ержан.

View this post on Instagram

Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол. ___________________________________________________ Дорогие друзья, сегодня для меня плодотворный и радостный день. В Московском Посольстве меня принял Имангали Тасмагамбетов. После интересной беседы он меня познакомил с Игорем Крутым. Я давно об этом мечтал. После прослушивания в студии он мне предложил продолжить обучение в его музыкальной академии. Я с большой радостью принял это предложение. Теперь могу и с вами поделиться, что с осени начнется новый этап моего творчества. Я очень рад, что Имангали Нургалиевич смог осуществить мою мечту. Благодаря ему, я могу продолжить качественно улучшить не только мой репертуар, но и стать тем кем я всегда мечтал. #ержанмаксим #голосдети6 #казахстан #россия #erzhanmaksim #yerzhanmaksim #голосдети

A post shared by ✨ЕРЖАН МАКСИМ (@maksim_erjan) on

Еске салайық, мұның алдында 11 жастағы оралдық Ержан Максимнің «Голос. Дети» байқауында 2-орын иеленгені хабарланған болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

kaz.tengrinews.kz