Министрлік бірінші тоқсанда қашықтан оқи беруді жалғастыруды ұсынды

170

Денсаулық сақтау министрлігі бірінші тоқсанда қашықтан оқи беруді жалғастыруды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, коронавирустың жаңа өршуінің алдын алу үшін мектептерде қашықтан білім беру форматын сақтау қажет.

«Мектептерде қашықтан оқытуды сақтау бұл – мәжбүрлі шара. Себебі онда вирус жұқтыру қаупі жоғары. Егер сыныпта коронавирус жұқтырған бір адам анықталса,онымен байланыста болғандар саны бірнеше есе артады – сыныптастар, мұғалімдер, туыстар, жақындары», – деді Алексей Цой ОКҚ баспасөз конференциясында.

«Біз үшін тұмау мен коронавирус инфекциясына жол бермеу өте маңызды, сондықтан бірінші тоқсанды осы форматта (қашықтан) сақтауды ұсынамыз», – деді Цой.

Министр Германиядағы, Англиядағы, АҚШ-тағы, Франциядағы кейбір мектеп ашылғаннан кейін оқу орындары коронавирус жағдайларына байланысты карантинге жабылғанын атап өтті.