
Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді.
«Пітір-садақаның көлемі – 300 теңге. Бұл – пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден асырып, көбірек беруге де болады» – деп жазды Ағабек Қонарбайұлы Фейсбуктегі парақшасында.
Айта кетейік, биылғы Рамазан айы 6 мамырда басталады.
«6 мамыр – оразаның бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым – ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», – деген болатын А. Қонарбайұлы.