Абай облысының әкімі тағайындалды

165

Бүгін жаңадан құрылған Абай облысына әкім тағайындалды.

Бұл тағайындау Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылдың наурыз айындағы халыққа Жолдауындағы тапсырмалары негізінде, Конституцияға енген өзгеріске сай жүзеге асты.

Мемлекет басшысы ұсынған кандидаттар баламалы негізде депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде жүзеге асты. Кандитаттар қатарында Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы Нұрлан Тельманұлы Уранхаев пен ШҚО Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов қатысты.

Депутаттардың дауыс беру нәтижесінде таңдалған жаңа әкім Нұрлан Уранхаевты аймақ активімен Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу таныстырды.

Осы өңірдің тумасы, жерлесіміз Нұрлан Уранхаев 1965 жылдың 4 мамырында Семей қаласында туған. Білімі – жоғары. Инженер-механик, экономист-менеджер, инженер-құрылысшысы мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1987 жылы слесар-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семейдегі Казпромтехмонтаж тресінде мастер болып жұмыс істеді.

1995 жылдан 1997 жылға дейін – Семей қаласындағы Сары-Арқа АӨК басқарды. 2001 жылдан 2003 жылға дейін – Казиркутсклес АОЗТ бас директоры, Иркутск облысы.

2003 жылдан 2005 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы. 2005 – 2006 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы. 2006 – 2007 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007 жылы – Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы. 2008 жылы – ҚР Президентінің әкімшілік инспекторы, Астана қаласы. 2009 – 2010 жылдары – Ертіс ӘКК-нің басқарма басшысының орынбасары, Семей қаласы. 2010 – 2013 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2013-2014 жылдары – Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі.

2014 жылы – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары. 2015-2017 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің ҚазҚСҒЗЖИ АҚ бас директоры. 2017 -2018 жылдары – Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2018 жылы – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті ҚазҚСҒЗЖИ АҚ-ның бас директорының кеңесшісі, Нұр Сұлтан қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.