Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне кірісті

318

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге тағайындалды», — делінген ҰҚШҰ сайтында.

2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысушылар ұйымның Бас хатшысы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовты тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

— Айта кетейік, Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы үш жылдық қызметін аяқтайды. Оған адал жұмысы үшін алғыс айтамын. 2023 жылдың басынан бастап таяудағы үш жылда ҰҚШҰ бас хатшысының міндеттерін Қазақстан өкілі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов атқаратындықтан, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы орынды деп санаса, оны бізге ұсынса, ақталады деп ойлаймын», — деді Никол Пашинян Еревандағы ҰҚШҰ сессиясында.