Тоқаев Алаш Орда жетекшілерінің ескерткіші ашылатынын айтты

202

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш арыстарына ескерткіш орнатылатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою – тарихи тұлғаларымызға шынайы құрмет көрсету деген пікір білдірді.

«Осыған байланысты Президент жақын күндері Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтты», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын келе жатқан Елорда күнімен құттықтады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Алаш Орда жетекшілеріне ескерткіш орнатылатыны хабарланған болатын.