Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

144

Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайлау 14 облыста 1847 сайлау учаскесінде болып жатыр. 730 орынға екі мыңнан аса кандидат бар.

2297 кандидат тіркелді. Оның ішінде:

1419 адам – өзін-өзі ұсынған;

878 – алты саяси партиядан.

Аймақтық сайлау комиссияларының мәліметі бойынша, 1 209 817 сайлаушы дауыс береді, бұл – 14 аймақтағы сайлаушылардың 13 пайызы.