Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

1448

Ұлытау облысының әкімі тағайындалды, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген хабарламада.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник (қазір Жезқазған) кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша — тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы және директордың орынбасары болды.