Коронавирустың әлемге таралуы аса қауіпті – Тоқаев

119

ҚР Президенті Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі аккаунтында жазды:

Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды.