Тоқаев төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы қаулыға қол қойды

114

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес, Президент Қаулы жариялады:

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.