Лионель Месси «Барселонадан» неге кетті?

100

Лионель Месси «Барселонадан» кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атақты футболшының кетуін клуб өкілдері хабарлады.

«Барселона» мен Лионель Месси келісімге келіп, бүгін жаңа келісімшартқа қол қоюға ниет білдірсе де, бұл қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты мүмкін болмады (Испания лигасының ережелері). Месси «Барселонада» қалмайды. Екі жақ та ойыншы мен клубтың тілектері орындалмайтынына қатты өкінеді. «Барселона» ойыншыға клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді және оған жеке және кәсіби өмірінде барлық жақсылықты тілейді», – делінген команданың сайтында жарияланған хабарламада.

Sports.ru басылымының мәліметінше, испан Ла Лигасында қатаң қаржы реттеуі бар: шығын көлемі клубтың табысына байланысты болуы керек, «Барселона» бұған сәйкес келе алмайды, сондықтан лига жаңа келісімшарттарды тіркей алмайды.