
Танымал футболшы Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубы сапындағы алғашқы голын соқты. Ойынның соңғы минутында пенальтиді сәтті орындап, командасын жеңілістен құтқарып қалды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
«Аль-Наср» ойынның соңғы минуттарында 2:1 есебімен ұтылып тұрған. Қосымша уақытта қарсылас қақпасына пенальти белгіленіп, португалдық шабуылшы 11 метрлік айып соққысынан мүлт кеткен жоқ.
Сауд лигасында алғашқы голды соққаным үшін бақыттымын, команда ерік-жігерінің арқасында маңызды ойында маңызды ұпай еншіледік, – деп жазды Роналду «Твиттер» желісінде.