Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

179

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнда өтіп жатқан Australian Open – 2023 турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда латвиялық спортшы Елена Остапенкодан айласын асырды.

1 сағат 21 минутқа созылған ойында Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте-ақ жеңіп шықты. Бірінші сетте 6:2 есебімен басым түссе, екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады.

Жартылай финалда отандасымыз Джессика Пегула (АҚШ) және Виктория Азаренко (Беларусь) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Тарихи жетістік, Елена Рыбакина – Australian Open жарысының жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Өзінің мансабында да осы жарыстың жартылай финалына алғаш рет шығып отыр. Бұған дейін «Үлкен дулыға» санатына енетін «Уимблдон» жарысында топ жарған.