Қуат «Найман» Сочидегі турнирде ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалды

92

Ресейдің Сочи қаласында өткен AMC Fight Nights турнирі аяқталды. Оның негізгі шайқасына қазақстандық файтер Қуат Хамитов қатысып, жеңіліс тапты деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы шарада Қуат «Найман» (21-8-1) ресейлік спортшы Мариф Пираевпен (27-4-1) кездесті. Жеңіл салмақта (70 келі) үш раундтық жекпе-жек бірауызды шешіммен 28 жастағы Пираевтың жеңісімен аяқталды. 33 жастағы Хамитов үшін бұл жеңіліс мансабындағы сегізінші сәтсіздік болды. Соңғы рет ол 2019 жылдың сәуірінде, төрешілердің шешімі бойынша Нариман Аббасовтан жеңіліп қалған болатын. Пираевке келетін болсақ, Мариф мансабындағы 27-ші және қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.