Альварес қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

106

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізуі мүмкін. Бұл туралы LA Times газетіне берген сұхбатында мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо айтып берді, – деп хабарлайды Vesti.kz. 

Кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында «Канело» төрешілер шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жеңіп, одан IBF белбеуін тартып алған еді.

Альварестің бапкері боксшы рингке қыркүйекте Мексиканың тәуелсіздік күні оралып, тағы да T-Mobile аренасында жұдырықтасады деп ойлайтынын айтты. Рейносо «Канелоның» қарсыласы Головкин бола ма деген сұраққа «жоқ» деп жауап берді.

«Менің мақсатым – титулдар үшін жұдырықтасу», – деп қостады бапкерінің сөзін Альварес. Абсолют атану үшін соңғы WBO белбеуі Деметриус Андрадеде екенін атап өткен мексикалық боксшы онымен қыркүйектің ортасында жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.