Астана» Еуропа лигасында «Манчестер Юнайтедпен» ойнайды

144

30 тамызда елордалық «Астана» клубының қатысуымен Монкаода Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе тасталды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Соның нәтижесінде, Қазақстанның үздік командасы ұлыбританиялық «Манчестер Юнайтед», сербиялық «Партизан» және нидерландтық «Алкмаар» командаларымен бақ сынайтыны белгілі болды.

Жеребе нәтижесі мынадай:

А тобы : «Севилья» (Испания), АПОЭЛ (Кипр), «Карабах» (Әзірбайжан), «Дюделанж» (Люксембург).

В тобы : «Динамо» (Украина), «Копенгаген» (Дания), «Мальме» (Швеция), «Лугано» (Швейцария).

С тобы : «Базель» (Швейцария), «Краснодар» (Ресей), «Хетафе» (Испания), «Трабзонспор» (Түркия).

D тобы : «Спортинг» (Португалия), ПСВ (Нидерланды), «Русенборг» (Норвегия), «Ласк» (Австрия).

Eтобы : «Лацио» (Италия), «Селтик» (Шотландия), «Ренн» (Франция), ЧФР (Румыния).

F тобы: «Арсенал» (Ұлыбритания), «Айнтрахт» (Германия), «Стандард» (Бельгия), «Гимарайнш» (Португалия).

G тобы : «Порту» (Португалия), «Янг Бойз» (Швейцария), «Фейеноорд» (Голландия), «Рейнджерс» (Шотландия).

H тобы : ЦСКА (Ресей), «Лудогорец» (Болгария), «Эспаньол» (Испания), «Ференцварош» (Мажарстан).

I тобы : «Вольфсбург» (Германия), «Гент» (Бельгия), «Сент-Этьен» (Франция), «Александрия» (Украина).

J тобы : «Рома» (Италия), «Боруссия М» (Германия), «Истанбул» (Түркия), «Вольфсберг» (Австрия).

K тобы : «Бешикташ» (Түркия), «Брага» (Португалия), «Вулверхэмптон» (Ұлыбритания), «Слован Братислава» (Словакия).

L тобы : «Манчестер Юнайтед» (Ұлыбритания), «Астана» (Қазақстан), «Партизан» (Сербия), «Алкмаар» (Нидерланды).

Топтық кезеңнің бірінші ойындары 19 қыркүйекте басталып, 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

Финалдық кездесу 2020 жылы 27 мамырда Гданьск қаласында «Энерга-Гданьск» стадионында өтеді.

Айта кетейік, «Астана» Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундында белорусьтің БАТЭ командасын жеңу арқылы шықты. Қазақстандық команда қатарынан бесінші рет еурокубоктің негізгі турниріне шығып отыр.
Kaz.tengrinews.kz