«Барселонаға» 1/4 финалда «Манчестер Юнайтед» түсті

109

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 және 1/2 финалының жеребесі тартылды.

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңде бір елдің өкілдері бір-бірімен кездесе береді. Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы кездесулері 9 және 10 сәуірде өтеді, қарымта кездесулер – бір аптадан кейін.

ЧЛ 1/4 финалының барлық жұптары мынадай болды:

«Аякс» (Голландия) – «Ювентус» (Италия)

«Ливерпуль» (Англия) – «Порту» (Португалия)

«Тоттенхэм» (Англия) – «Манчестер Сити» (Англия)

«Барселона» (Испания) – «Манчестер Юнайтед» (Англия).

«Тоттенхэм» – «Сити» жұбының жеңімпазы «Ювентус» немесе «Аякспен» кездеседі, ал «Барса» – «МЮ» екеуінің мықтысы «Ливерпуль» немесе «Портуға» шығады.

Алғашқы жартылай финалдық ойындар 30 сәуірде, қарымта кездесу – 7 мамырда өтеді.

Финал 2 маусымда Мадридтегі «Ванда Метрополитано» стадионында өтеді.