
Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Жекпе-жек канадалық Монреальдағы бокс кешінде өтті. Боксшылар WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарын сарапқа салған. Жүкембаев – Васкес жекпе-жегі жоспарланған 10 раундқа созылды. Нәтижесінде Жүкембаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті: 100:90, 99:91, 99:91. 28 жастағы Жүкембаев кәсіпқой рингте әлі жеңілген жоқ – 17 жекпе-жегінің 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бұған дейін 41 жеңісі болған 32 жастағы Васкес тоғызыншы рет жеңіліп отыр.