«Челси» Еуропа Лигасын жеңіп алды

106

Лондондық «Челси» Еуропа Лигасының финалында «Арсеналды» ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қос команданың арасындағы кездесу сәрсенбі күні Бакуде өтіп, 4:1 есебімен аяқталды. Есепті кездесудің 48-і минутында «аристократтардың» шабуылшысы Оливье Жиру ашты. 60-ы минутта жартылай қорғаушы Педро теңбіл допты қақпаға тоғытып, басымдықты арттырды. Сонымен қатар хавбек Эден Азар дубль (65-і, 72-і) жасады. Ал «Арсеналдың» еншісіндегі жалғыз голды кездесудің 69-ы минутында жартылай қорғаушы Алекс Ивоби салды.

Осылайша «Челси» Еуропа Лигасының жеңіпазы атанып, келесі маусымда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін болады. Команда Ағылшын премьер-лигасында үшінші орынға тұрақтады.

Өткен маусымда испандық «Атлетико» Еуропа Лигасының жеңіпазы атанған болатын. Команда финалдық кездесуде француздық «Марсельді» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.