EURO-2020: Венгрия әлем чемпионы Франциямен тең түсті

103

Венгрия құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-турында әлем чемпионы Франциямен тең түсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын Будапешттегі «Пушкаш-Аренада» өтті. Бірінші тайм соңында алаң иелері есеп ашты. Оттило Фиоло сол қапталдан айып алаңына еніп, допты жақын бұрышқа дәл тепті.

Ал 66-минутта француздар есепті теңестірді – Антуан Гризманн көзге түсті. Қалған уақытта Франция футболшылары екінші голды соғуға тырысқанымен, венгриялықтар қорғаныста сенімді ойнады – 1:1.

Бұл ойыннан кейін Франция құрамасы F тобында 4 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Венгрия турнирдегі алғашқы ұпайын жинады.

Шешуші 3-турда француздар Португалиямен, Венгрия Германиямен кездеседі. Матчтер 23 маусымда өтеді.