EURO-2020-ның плэй-офф кезеңі: 26 маусымда кімдер ойнайды?

117
EURO-2020-ның топтық кезеңі аяқталды. 26 маусымда чемпионаттың 1/8 финалында Уэльс Данияға, Италия Аустрияға қарсы ойнайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Амстердамда Уэльс пен Дания ойнайды (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады).

Лондонда Италия мен Аустрия ойнайды (Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де).

Алғашқы матчті Qazaqstan тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады. Екінші ойынды Qazsport көрсетеді.

Еске салайық, футболдан Еуропа чемпионаты 1/8 финалының барлық жұбы белгілі болды. Плэй-офф кезеңіне 16 құрама жолдама алды.

Еске салайық, Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталған. Финал 12 шілдеге қараған түні Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Турнир Еуропаның 11 қаласында болып жатыр.