«Ливерпуль» – «Порту», «Ман Сити» – «Тоттенхэм» ойыны қалай өтті?

111

Чемпиондар лигасының ¼ финалында қалған екі жұптың қарымта ойындары өтті,деп хабарлайды Zakon.kz.

«Манчестер Сити» өз алаңында 4:3 есебімен «Тоттенхэмнен» басым түссе де, жарыстан шығып қалды. Қос команда кездесуді аса қарқынды бастап, 21 минуттың ішінде бес гол соғылды. Бірінші кездесуде өз алаңында 1:0 есебімен жеңіс рәсімдеген «Тоттенхэм» екі кездесу қорытындысы бойынша, сырт алаңдағы добының арқасында жарысты ары қарай жалғастырады.

Ал «Порту» өз алаңында «Ливерпульден» ірі есеппен ұтылды – 1:4. Бірінші ойында «Ливерпуль» 2:0 есебімен ұтқан болатын. Осылайша қорытынды есеп 6:1 болды.

Енді Чемпиондар лигасының жарыс жолында төрт клуб қалды: «Аякс», «Барселона», «Тоттенхэм» және «Ливерпуль».