Қазақстандық файтер қарсыласын 10 секундта құлатты

110

Қазақстандық спортшы Жандос Жанат Әзербайжан астанысында өткен турнирде ирандық қарсыласын 10 секундта нокаутқа түсірді.

Жандос Жанат Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен турнирде ирандық спортшымен жекпе-жек өткізді. Отандасымыз қарсыласы Али Раджаб Задені басынан теуіп, 10 секундта нокаутқа түсірді. Осылайша отандасымыз 57 келі салмақта WJMMAF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, сондай-ақ бұл турнирде Ринат Серікбол, Абылай Батырбек, Самат Еркінов сынды спортшылар сынға түсіп, жеңіске жетті.

kaz.tengrinews.kz