Жеңіл атлетикадан Қазақстанның V жазғы спартакиадасы басталады

111

Бүгін Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ел спартакиадасы басталады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

26 мамырға дейін жалғасатын елішілік турнирде 15 команда бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, ШҚО, СҚО, БҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген атлеттер қатысады.

«Елішілік турнирге жалпы есебі 255 спортшы қатысады деп күтілуде. Оның ішінде 152 ер адам мен 103 әйел адам бар», – делінген хабарламада.