Израиль тағы Газадағы нысандарды атқылады, Таяу Шығыста жағдай қайта ушығуы мүмкін

111
TOPSHOT - A Palestinian argues with Israeli security forces in Jerusalem's Old City on May 10, 2021, ahead of a planned march to commemorate Israel's takeover of Jerusalem in the 1967 Six-Day War. (Photo by EMMANUEL DUNAND / AFP) (Photo by EMMANUEL DUNAND/AFP via Getty Images)

Израиль ұшақтары Палестина аумағынан ұшырылған «жанатын шарларға» жауап ретінде тағы да Газадағы әскери нысандарды атқылады. Осымен бір апта ішінде аумақта жағдай екінші рет ушығып отыр. Бұл мамыр айындағы 11 күнге созылған қантөгістен кейін жасалған атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына қауіп төндірген.

Израиль әскерінің айтуынша, ХАМАС тобының жіберген «жанғыш заттар толы» шарлары Израильде алқаптардың өртенуіне себеп болған, оған жауап ретінде қарулы күштер Газадағы әскери нысандарға әуеден соққы берген.

Бұған дейін Израиль қарулы күштері «оқиға қалай өрбімесін, сақадай сай дайын отырғанын» мәлімдеген.

ХАМАС «соққысынан кейін» Израильдің оңтүстігіндегі кейбір жерлерде сирена ойнаған, бірақ әскерилер Газадан зымыран түспегенін айтты. Тек бір жерде атыс тіркелген. 2 млн адам тұратын халқы тығыз орналасқан Газа секторынан зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеді.

Осы аптада Израильде үкімет ауысып, ультраоңшыл саясаткер Нафтали Беннет бастаған жаңа үкімет мүшелері іске кіріскен. Бұл Беннет үкіметі тұсында жасалған алғашқы шабуыл.