АҚШ аумағында Солтүстік Кореяның құпия кемесі ұсталды

101

АҚШ Солтүстік Кореяның жүк таситын кемесін ұстап алды. Бұл туралы құрама штаттардың әділет министрлігі хабарлады, деп жазды «Хабар 24».

Белгілі болғандай АҚШ аумағында қолға түскен теңіз көлігі заңсыз көмір экспорттаумен қатар әскери техникаларды да импорттап отырған көрінеді.

Ал бұл АҚШ пен БҰҰ-ның Пхеньянға салған санкцияларына қарама қайшы әрекет.

Енді тергеу ісі басталып, кемені тәркілеу бойынша талап Манхэттандағы федералды сотқа жіберілді.

BAQ.KZ